Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда бір отбасыны түгелдей комменданттық сағат кезінде атып өлтірген

8 қаңтарда Талдықорғанда үш адамнан тұратын отбасы көз жұмды. Қайғыдан қан жұтқан туыстары әлі күнге дейін болған жағдайға сене алмай отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп. 

Үш адамнан тұратын отбасыны жерлеу рәсімдері жақында өткен. 

Әулеттің отағасы мен әйелі және 15 жастағы жалғыз қызы атылған оқтан көз жұмды. Қайғыдан қан жұтқан жақындары оқтың көп атылғаны сонша мүрденің өзін тану қиынға соқты дейді.

Сол күні Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қызы Нұрай қонақтан келе жатқан. Марқұм әйелдің жиенінің айтуынша, сағат 9 болмай олар үйіне қайтқан. Бұл кезде қалада коменданттық сағат болған.

“Олар кешкі сегізден бастап коменданттық сағат екенін білмеген. Үйге көлікпен қайтып келе жатқан.  Көлікті ағасы айдап келе жатқан. Оқиғаның нақты қалай болғанын ешкім білмейді”, – деді марқұм әйелдің жиені Айдын.

Туыстарының болжамынша, олардан көлікті тоқтатуды сұраған болуы керек, бірақ олар естімесе керек. 

”Әскерилер атты дейді. Олар сол жерді күзетті емес пе? Бірақ нақты білмейміз. Көлікті әскери бөлімшеге алып кетті”, – дейді жиені. 



Ерлі-зайыптылардың жасы 51-де болған. Әйелі – үй шаруасындағы әйел, күйеуі Нұрболат зауытта жұмыс істеген, ал қыздары мектепте оқыған.

Туыстарының көпшілігінің айтуынша, Талдықорғанда коменданттық сағат кешкі 8-ден басталатынын ешкім білмеген. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның егжей-тегжейі анықталады.

Тағы бір зардап шеккен әйел Лаура Нұрғалиева, оның бүйрегі мен аяғына оқ тиген. Оның жанында болған жұбайы мен көршісі оқтан қайтыс болған екен.

7 қаңтарда кешке туысының үйіне бармақ болған. 

“Сол сәтте бұрылған кезде жұлдыздар ұшып келе жатқандай болды. Жатып үлгердім”, – дейді зардап шеккен әйел.

Талқылау