"Әке атандым": Әлішер Каримов қуанышты жаңалығын сүйіншіледі
Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Каримов өнері мен өмірі туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/alisher_k/
Өнер иесі наурыз айында шығармашылық кешін бермек.
“Биыл сахнада жүргеніме 20 жыл толады. Сол мерейтойға сәйкес Астанада концерт беремін. Бастан-аяқ жанды дауыста өтеді. Негізі сахнаға 5 жасымда “Әнші балапан” байқауында шыққанмын. Содан есептесек 33 жыл болады екен. Бірақ өзім үлкен сахнаға аяқ басқан кезімнен бастап есептеуді жөн көрдім. 2004 жылы Super star.kz жобасында “Әлия” әнін айтып, елге танылдым. “Әнші балапанға” да кездейсоқ шыққанмын. Әкемнің әпкесінің баласы қатысуы керек еді, оның тісі түсіп қалып, орнына бір апта мені дайындап, шығарып жіберген. Содан әні айтып кеттім”, – дейді әнші.
Сонымен қатар өнер иесі жеке басындағы қуанышты жаңалықты да жасырмады.
“Әке атанғаным рас. Тіпті екі мәрте атандым. Бірақ өзімнің балаларым емес. Дұрысында “өкіл әке” болдым. Бір досым ұлды болып және директорым қызды болды солар мені “өкіл әке” етіп бекітті. Мен қарсы болмадым. Болашақта өз балаларыма әке болуға дайындалып жатырмын. Негізі қазір үйленуге де дайынмын. Бірақ шығармашылық кешімді өткізіп, елді аралап концерт бергеннен кейін үйленгім келеді. Тойға ақша жинап алуым керек. Қазір бар ойым – концертімді абыроймен өткізу”, – деп ағынан жарылды өнер иесі.