Ақбота Сейітмағамбет пен Әли Оқаповтың арасында не бар? (видео)
Бұған дейін КешYou тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен айырылысып кеткенін, қазіргі уақытта онымен бірге тұрмайтынын айтқан еді. Жас әнші әрі актрисаның ендігі бар уақыты оның ұлы мен шығармашылығына арналады. Бұл ретте Ақбота жуырда ғана Әли Оқаповтың бейнебаянына түсіп, басты рөлді сомдады, деп хабарлайды Stan.kz.
“Уайымдама” атты су жаңа туындыда Әли мен Ақбота ғашықтардың рөлінде ойнайды. Қос өнер иесінің бір клипте бой көрсеткені көпшіліктің қызығушылығын туғызған ұқсайды, себебі клипті небәрі 3 күнде 160 мыңнан аса көрермен тамашалаған.
Бір қызығы, көпшілік Әли мен Ақботадан әдемі жұп шығатынын айтып жатыр. Бұл ретте тыңдармандар өмірлік серік ретінде Дәурен Айдарқұловты таңдаған Ақботаға өкініштерін білдірді.
“Екеуін бірге көріп сондай қуанып қалдым, қандай жарасымды жұп болар еді. Неге Ақбота Дәуренді таңдады екен?”, “Керемет жұп болар еді екеуі”, – деп жазды тыңдармандар.
Айта кететін жайт, көпшілік Әлидің әндерінің бір-біріне қатты ұқсайтынын атап өткен. Желідегілердің пікірінше, жаңа туынды Әлидің “Биле” атты бейнебаянына қатты ұқсайды.
Жіберіп алмаңыз:
Семейлік бойжеткен халықаралық сән және дарын байқауын жеңіп алды
Арман әлде Аша: Асылым кімге ұқсайды?
Дінге бет бұрған әншілер «ән айту – харам» деген пікірге қатысты жауап берді
Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты