AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %
AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %

Ақбота Керімбекова: Бастық та болған жоқпын, Lexus-570 көлігін де алған жоқпын

Күні кеше Ақбота Керімбекова жаңа Lexus-570 көлігін сатып алды деген ақпарат тарады. Алайда әнші мұның жалған хабар екенін айтты. Әншіні жаңа көлігімен құттықтаған Қайрат Әділгерей өз сөзін түсіндіріп берді. 

Ақбота Керімбекова

Ақбота Керімбекова жаңа басшылық қызметке келіп, бірден Lexus-570 көлігін сатып алды деген ақпарат тарады. Көпшілік басшылықтағылар өз қамын ғана ойлайды деп наразылық білдірді. Бірі құттықтап жатса, енді бірі жағымсыз пікірлер жазды. 

Ал әншінің айтуынша ешқандай бастық та емес, көлік те сатып алмаған.

"Уайымдамаңыздар! Бастық та болған жоқпын, Lexus-570 көлігін де алған жоқпын. Қайратжан, болашақта жететін жетістіктеріммен ертерек құттықтағаныңа рақмет. Көңілің қалмасын. Біз ондайға үйренгенбіз. Мақтаса да, даттаса да өз қазағымыз ғой. Сол себепті халқыңның көңілін көтеріп жүре бер", – деп жазды Керімбекова.

Ал әншіні жаңа көлік алды де шулатқан Қайрат Әділгерей былай деді.



"Мен кеше әзілдеп қана айта салғанмын. “Ақбота Керімбекова, көлік құтты болсын” деп әзілдесем, барлық жаққа тарап кетіпті. Тіпті оқырмандардың жазғанын оқып шошыдым. Көңілім қалды. Керімбекова көлік алған жоқ. Алған күннің өзінде біреудің қуанышын қызғанбай қуану керек емес пе? Небір адам болады екен. Неше түрлі жағымсыз пікірлерді оқыдым", – деді ол. 

"Кінәмшіл болу жақсы әдет емес!.. Жақсы көре білейік, жақсыны көре білейік! Бағалай білейік, бағалы болайық!", – деп жазды Керімбекова. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр