Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова: Балаларым тұрмысқа шығуыма өздері рұқсат берді

Әнші Ақбота Керімбекованың бақыттан басы айналып жүр. Жақында тұрмысқа шыққан әнші сүйіктісін біраз жасырған болатын. Алайда, соңғы уақытта әлеуметтік желі арқылы көпшілікке мәлім болған соң жасырмауды шешіпті. Тіпті, жақында Қытай елінде бал айын өткізіп қайтқан Ақбота жарымен түскен суреттерін ашық көрсетті.

toy

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ақботаның жүрегін жаулап, өзіне ғашық еткен жігіттің есімі – Рауан. Жайықтың тумасы. Жасы 32-де. Ол да өнер алаңынан алшақ емес екен. Орал қаласындағы театрлардың бірінде актер. Алғаш рет екеуі осыдан екі жыл бұрын телефон арқылы танысқан көрінеді. Алдымен актер Рауан Ақботаның өнеріне ғашық болса, кейін әншінің өзіне көзі түсіп қалыпты.

“Одан кейін біраз дос болып осы қараша айында ұсыныс тастап, мен “сені бақытты қыламын” деп уәде бергеннен кейін көрейік енді деп, келістім”, – дейді Ақбота Керімбекова.

Осылайша, дос болып араласқан Ақбота қалай ғашық болып қалғанын сезбей қалыпты. Әншінің тұрмысқа шығуына балалары түсіністікпен қарапты.

“Енді балаларым өсті. Балаларым шетелде оқиды. “Мама өзіңіз жалғызсыз ғой, жаныңызға  жақсы адам болса” біз қарсы емеспіз деді. Балаларым өздері рұқсат берген. Жаныңда жанашыр тірегің болғаны дұрыс қой. Тағдыр әркімдікі әр түрлі. Ешкімді кінәлай алмаймын. Ешкімге ренжімеймін де. Бұл өмір менікі”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық имамдар мешітте туған күнін тойлаған Қарақаттың шектен шыққанын айтты

Әли Оқапов “Голос. Дети” байқауында қалай жеңіске жеткенін айтып берді

Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді

“Соқыр махаббатты” түріктер үш жыл бұрын “Тек сен” деп түсіріп тастаған (видео)

Талқылау