Әли Оқапов “Голос. Дети” байқауында қалай жеңіске жеткенін айтып берді
Жақында ғана "Қазақстан балаларының дауысы" жобасының алғашқы маусымы өз мәресіне жетті. Шоуда бас жүлдеге тігілген 3 млн теңгенің иегері болып Даниил Юн жеңімпаз атанды. Ал жобада Даниил Юнға жетекшілік еткен жас әнші Әли Оқапов, жоба және өзінің шығармашылығы туралы ойымен бөлісіп өтті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әли, бұл балалармен алғаш жұмыс істеуім емес дейді. "Негізінде тәлімгер ретінде бірінші емес. Өйткені, көптеген ірі болмаса да, аудандық немесе қалалық деңгейде өткен түрлі-түрлі шараларға мен атсалысқанмын. Кейбір кездерде жүргізуші ретінде, кейбір кездерде ұйымдастырушы ретінде", - дейді әнші. Шәкірттерін аса көп еркелетуге де құштар емес екен. Оларға өз теңің, өз әріптесің ретінде қарау керек дейді Әли. "Тәлімгер ретінде мен де, финалда ең кішкентайы Даниил болды. Дегенмен, екеуіміз жас болсақ та, бірлесіп жұмыс жасап, жеңіске жеттік. Сондықтан маған психологиялық тұрғыдан қиын болмады. Олар тез меңгеріп алады. Олар бізге қарағанда әлдақайда дамыған. Бала кездерінен бері ғаламтор бар, ютуб бар. Осы желілердің арқасында көптеген әуендерді бізден артық біледі. Керісінше, кейбір кездерде біз олардан сабақ алып жатамыз", - деді Оқапов. 
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған