Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даниил Юн қазақстандық “Голос-дети” жобасының жеңімпазы атанды (видео)

Балалар арасындағы “Голос-дети” байқауының үздігі атану үшін үш үміткер финалда сынға түскен. Олар – Дильнура Біржанова, Влад Пампуров және Даниил Юн.

8585

Осындай таланттылардың арасынан ең кішкентай Даниил Юн озып шықты.

“Мен бақыттың не екенін сезініп тұрмын. Эмоциямды сөзбен айтып жеткізу қиын. Тіпті ол менің басымда да емес, жан-жағымда ұшып жүрген секілді”, – дейді жеңімпаз. Даниилдің анасының айтуынша, жеңімпаз ұлы бұрын-соңды байқауларға да қатыспапты.

Ал Даниил үшін ең қиын кезең, супер-финалисті анықтайтын сәт болыпты.

“Менің өзім эфир алдында еш ұйықтамадым, бұл қиындыққа Данидің қалай төтеп бергенін білмеймін”, – дейді анасы. Ал тәлімгер Әли Оқаповтың айтуынша, Дани қай тұрғыдан да басқа қарсыластардан бір бас озық тұрған.

“Мен артығы мен кемін жасып отыратын кестені құрастырдым. Данида артықшылықтар көп болды. Ол өте еңбекқор. Өзінің демалуына еш мүмкіндік берместен, жаттыға береді”, – дейді тәлімгер Әли Оқапов.

“Мен ән айтқанды жақсы көремін. Менің организмім ән айтуымды қалап тұрады. Өзімді ғана емес, жан-жағымды да жағымды әсерге бөлеу үшін ән саламын”, – дейді Даниил.

Әнші бала өзінің ешқандай кумирі жоқ екенін де айтып қалды. Ол ешкімді бөле-жармай, барлығын да тыңдайды екен.

Оқи отырыңыз:

Әнші Әдемі кәріс баласын балағаттаған қазақтарға жауап берді

Сәкен Майғазиев диссертациясын Google-ға сүйеніп жазғанын мойындады

Димаш финалда кіммен дуэт орындайды?

Ренат Жүнісова мен Оразыметованы не себепті ұрыстырып қойғанын түсіндірді (видео)

Талқылау