Air Astana мен FlyArystan рейстері ең көп кешігетін әуе компания атанды
Air Astana мен FlyArystan рейсі көп кешігетін әуе компанияларының көшін бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: depositphotos.com/brokenrecords
Жыл басынан бері Air Astana компаниялар тобынан билет алып, діттеген жеріне кешігіп жеткен жолаушы көп. Мысалы, Air Astana компаниялар тобы жыл басынан бері 47 мыңға жуық рейс жасаған. Оның 12 мыңнан астамы уақытылы ұшпапты.
SCAT әуе компаниясы 14 030 рейс жасаса, оның 3877-сі кешігіп ұшқан, ал Qazaq Air әуе компаниясының 6813 рейсінен 1725 рейсі әуеге кешігіп ұшыпты.
Ұшаққа кешігіп келген: FlyArystan жолаушылары Алматы әуежайында бүлік шығарды (видео)
Үкімет жариялаған статистикада Южное небо әуе компаниясы тізімнің соңында тұр. Алайда кей компаниялардың көп рейс жасайтынын да ескеру қажет.
Еске салсақ, бұған дейін 12 жастағы қызды ұшаққа мінгізбей қойған Air Astana компаниясы 5 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелгені туралы жазған едік.