Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдер дәретханасында жасырын видео түсірген атыраулық айыппұлмен құтылып кетті

дәретханадағы ер адам
Фото: Видеодан скрин

Атырауда 21 жастағы жігіт "Байзар" сауда ойын-сауық орталығында болған жанжалдан кейін ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 24 қазанда "Байзар" СОO-ның әйелдер дәретханасында болған. Сол жерде болған әйелдер көрші кабинаның ішінен бір жігіттің өздеріне қарап тұрғанын байқап қалған. Әйелдердің айтуынша, ол болған жағдайды ұялы телефонына да түсірген.

Жігіт жанжалдан кейін кабинаның есігін ішінен құлыптап алып, жағдай басылғанша күтуге тырысқан көрінеді. Алайда есіктің алдына біртіндеп ашуланған әйелдер жинала бастаған. Оқиға орнына алдымен күзет қызметі, кейін полиция шақырылған.

 Ақырында жас жігіт кабинаның ішінен шығуға мәжбүр болып, ашулы келуші әйелдердің наразылығы мен айқайының арасынан өтіп кеткен.

Осылайша, сот 21 жастағы жігітті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салды. Бап бойынша айыппұл мөлшері 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86 500 теңге қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін Атыраудағы сауда ойын-сауық орталығында әйелдер дәретханасына кіргенін жазған едік. Сөйтіп әйелдерді жасырын бақылап, телефонға түсірді деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды. Куәгерлер оның телефонынан дәретханада түсірілген фотосуреттерді көргенін айтқан.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 27 Қазан, 2026 15:23