Ханзада Уильям Қазақстанды ақбөкендерді қорғап қалғаны үшін мақтады
Ұлыбритания ханзадасы Уильям Грэм Нортонның шоуында Қазақстандағы киіктердің популяциясын қалпына келтіру туралы айтып, сирек кездесетін түрді сақтауда мемлекеттік қолдаудың рөлін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бағдарлама 23 қазанда эфирге шықты. Сұхбатты Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі жариялады.
Жүргізушінің киіктердің ерекше келбеті мен "Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасы туралы сұрағына жауап берген ханзада бұрын жойылып кету алдында тұрған жануарлардың санын қалпына келтіре алғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұған Қазақстан билігінің түрді сақтауға көңіл бөлуі маңызды рөл атқарды.

"Алтын Дала" бастамасы еліміздің далалық экожүйелерін қалпына келтіруге және биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған. 2024 жылы жоба "Табиғатты қорғау және қалпына келтіру" (Protect and Restore Nature) санаты бойынша Earthshot Prize сыйлығының лауреаты атанды және жұмысты жалғастыру үшін бір миллион фунт стерлинг алды.
“Киіктер жойылып кету қаупінің алдында тұрды, ал қазір олардың саны қайтадан орасан зор. Бұл Қазақстан үкіметінің бұл түрдің ел мен табиғат үшін маңыздылығын түсініп, жобаға толық қолдау көрсеткенінің арқасында мүмкін болды”, – деді ханзада.
2025 жылдың қазан айында жарияланған Earthshot Prize сыйлығы өкілдерінің мәліметінше, жобаның күш-жігерінің арқасында жиырма жыл ішінде киіктердің саны шамамен 40 мыңнан 200 мыңға дейін өскен.
Еске сала кетейік, Қытайға 180 миллион теңгелік ақбөкен мүйіздерін алып өтпек болғандар "Қорғас" бекетінде ұсталды. Шекарашылар 620 мүйізді тәркіледі.
Балабақша уақыты жұмыс кестесіне сай келмесе, не істеу керек? Ата-ананың қандай құқығы бар