Әйел күйеуінің көңілдесін "туыстарына айтып беремін" деп бопсалаған
Өзбекстанның Бұхара облысында күйеуінің басқа әйелмен көңіл қосқанын білген әйел оны бопсалап, ақша талап еткен. Күдікті арнайы операция кезінде ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Upl.uz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұхара облыстық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Шафиркан ауданында тұратын әйел құқық қорғау органдарына арызданған. Ол Гиждуван ауданының тұрғыны өзінен ақша талап етіп, бопсалап жүргенін айтқан.
Тексеру барысында күдіктінің күйеуінің ұялы телефонынан Шафиркан ауданында тұратын әйелмен романтикалық сипаттағы хат алмасуды көргені анықталған.

Біраз уақыттан кейін ол күйеуінің хат жазысқан әйелімен өзі байланысқа шығып, егер ақша бермесе, олардың қарым-қатынасы туралы туыстарына айтып беретінін айтып қорқытқан.
Үндемеу үшін ол 10 миллион сум (391 мың теңге) талап еткен. Алғашында жәбірленушіден 300 АҚШ долларын алған.
Алайда мұнымен тоқтамаған күдікті біраз уақыт өткен соң тағы 3 миллион сум (117 мың теңге) сұраған. Оның 2 миллион сумы әйелдің банк картасына аударылған.
Осыдан кейін жәбірленуші полицияға арызданған.
Арыз негізінде құқық қорғау органдары арнайы жедел іс-шара ұйымдастырды. Күдікті қалған 1 миллион сумды алып жатқан сәтінде қолға түсті.
Дерек бойынша Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі “Бопсалау” бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Кінәсі дәлелденсе, күдікті әйел бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты