Әйел бірге тұратын көршісінің аузын тігіп тастаған

Жапонияның Ибараки префектурасында әйел бірге тұратын көршісіне шабуыл жасап, оның аузын жіппен тігіп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News on Japan-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 29 маусым күні Кога қаласында болған. Түскі сағат екілер шамасында тұрғын үй кешенінің жанындағы дүкенге аузы жіппен тігілген 42 жастағы әйел жүгіріп кірген. Ол сатушыға көмек сұраған жазбасы бар қағаз ұсынған.
Оқиға орнына келген полиция зардап шеккен әйелмен бірге тұрған 49 жастағы Масаэ Сакураиді ұстады.
Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жәбірленуші ұзақ уақыт бойы көмек сұрай алмағанын айтқан. Себебі ол Сакураиден қорыққан.
Кейінірек екі әйел 2025 жылғы сәуірден бері бірге тұрғаны белгілі болды. Көршілерінің айтуынша, Сакураи көп сөйлемейтін, бірақ өзін сабырлы ұстайтын адам болған. Әзірге оның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Оқыңыз