Матч кезінде футболшыға найзағай түсіп, мерт болды (видео)
Малайзияның 28 жастағы футболшысына жолдастық матч кезінде найзағай түсіп, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға "Rembau Indian Veteran" және "Tanjung Minyak" командалары арасындағы жолдастық матч кезінде болған. Ойын басталғаннан кейін 10 минут өткенде аздап жаңбыр жауып, артынша қатты күн күркіреген. Сол сәтте алаңда үш адам құлады, олардың арасында Р.Танеш те болған.
Зардап шеккен футболшыны Алор-Гаджа ауруханасына қарапайым көлікпен жеткізген. Дәрігерлер спортшыны аман алып қалу үшін барын салған, алайда ол жедел жәрдем бөлімінде қайтыс болды.
Матч төрешісі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Тағы бір зардап шеккен адам медициналық көмектен бас тартты. Себебі жағдайы қанағаттанарлық күйде болған.
Сондай-ақ жергілікті БАҚ мәліметінше, осы оқиғадан кейін Малайзия футбол қауымдастығы қауіпсіздік талаптарын күшейтуге шақырды.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген
