"Көз жасына ерік берді": "Өнер қырандарындағы" Мадияр Серікбаевқа әйелі армандаған көлігін сыйлады

“Өнер қырандары” театрының актері Мадияр Серікбаев ерекше тосынсыйға ие болды. Жұбайы Дана Тұрарбек оған көптен қалаған Li маркалы автокөлігін сыйлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты сәттің видеосын Дана Тұрарбек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жарына деген ақ тілегін жазды.
“Адал жарыма арманындағы көлік. Осы күнге жеткізген Аллаға шүкір”, – деді ол.
Бейнежазбада Мадияр Серікбаевтың сыйлықты көрген сәттегі әсері байқалады. Актер күтпеген қуанышқа толқып, жұбайын құшақтап, эмоциясын жасыра алмайды. Кейін жаңа көлігін көріп, қатты тебіренгені де кадрға түскен.
Мадияр Серікбаев та жұбайына алғысын білдіріп, әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды.
“Барлық еркек бақытты болуға лайық”, – деп қалжыңдады актер.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға жылы лебіздерін білдіріп, Мадияр Серікбаевты жаңа көлігімен құттықтады. Көпшілік бұл сыйлықтың материалдық құнынан бұрын, жұбайының көңілі мен қолдауы маңызды екенін жазған.
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті
Оқыңыз