Қазақстанда медициналық қызмет көрсететін клиникалар енді жарнамада лицензиясын көрсетуге міндеттелмек

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің жарнамасына жаңа талаптар енгізуді ұсынды. Енді клиникалар жарнамада лицензиясын көрсетуге, ал интернеттегі медициналық жарнамалар арнайы белгіленуге тиіс болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, өзгерістер жарнаманың ашықтығы мен шынайылығын арттыруға, сондай-ақ оны науқастарға арналған сенімді ақпараттан оңай ажыратуға бағытталған.
Жобаға сәйкес, медициналық ұйымдар жарнамада лицензиясы туралы мәліметті міндетті түрде көрсетуге тиіс. Сонымен қатар интернеттегі жарнамалар арнайы белгіленіп, азаматтарға дәрігердің кеңесіне жүгіну ұсынылады.
Құжатта заңнамадағы ескірген атауларды жаңарту, интернет жарнаманы ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді ету және жарнамалық материалдарды сақтау мерзімін белгілеу де қарастырылған.
Министрлік жаңа талаптар науқастар үшін қосымша шектеулер енгізбейтінін атап өтті. Құжат 23 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Оқыңыз