Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келісім бітті": Трамп Иранға атысты тоқтатпайтынын мәлімдеді

Трамп
Фото: REUTERS / Evelyn Hockstein

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен атысты тоқтату келісімін енді жарамсыз деп санайтынын және Иран тарапымен байланыстарды жалғастыруды жоспарламайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анкарадағы альянс саммиті алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен сөзінде АҚШ президенті Иранмен атысты тоқтатпайтынын мәлімдеді.

"Мен енді Иранмен жұмыс істегім келмейді", – деді Трамп.

Трамп Иран басшылығын келіссөздер кезінде ниетсіз деп айыптап, қатты сынға алды.

"Олар өтірікші. Біз келісім жасаймыз. Барлығы келіседі. Ядролық қару жоқ. Біз келісім жасаймыз. Содан кейін олар баспасөзге шығып, біз бұл туралы ешқашан талқыламағанымызды айтады. Оларда бірдеңе дұрыс емес", – деді ол.

Еске салайық, 4 шілде күні Иран астанасы Тегеранда елдің бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейді ақтық сапарға шығарып салуға арналған жаназа намазы өтті. Көшбасшымен қоштасу рәсімі 9 шілдеге дейін жалғасады. 

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы осы күндері елге қандай да бір соққы жасау әрекеттерінен сақ болуға шақырды. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Иранға жерлеу рәсімдері аяқталғанға дейін "бір апталық тыныштық" беретінін мәлімдеді.

Қырмызы Скендір
Сәрсенбі, 08 Шілде, 2026 15:33