Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Башқұртстанға шабуыл жасалғанын растады (видео)

Укриана шабуыл Ресей
Фото: Видеодан скрин

Ресейдің бірнеше өңіріндегі мұнай өңдеу өнеркәсібі нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалды. Кәсіпорындарға жасалған соққылар туралы ақпаратты Ресей де, Украина да растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сәйкес, Саратов облысы мен Татарстандағы мұнай өңдеу зауыттары шабуылға ұшыраған.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл өңірлердегі нысандарға соққы жасалғанын растады. Алайда Украина Башқұртстандағы осындай нысандарға жасалған ықтимал шабуылдардың салдарына қатысты пікір білдірген жоқ.

Зеленский Telegram-дағы парақшасында Украинаның "алыс қашықтықтағы санкциялары" Саратов облысы, Татарстан және Башқұртстанға жеткенін мәлімдеді. Сонымен қатар Украина әскері Воронеж облысына да соққы жасаған.

Бұған дейін Украина Қарулы күштері Бас штабы да Төменгі Камадағы және Саратов облысындағы мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар туралы хабарлаған. Алайда олардың ресми мәлімдемесінде Башқұртстан туралы айтылмаған.

Уфадағы қазіргі жағдай қандай?

Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Уфадағы мұнай өңдеу зауытына дрондар шабуыл жасауы мүмкін деген ақпарат тарады.

Башқұртстан билігі өңірде дрон шабуылы қаупі жарияланғанын растады. Осыған байланысты қауіпсіздік мақсатында Уфа халықаралық әуежайының жұмысына уақытша шектеу қойылып, ұшақтарды қабылдау және ұшыру уақытша тоқтатылды.

Әзірге Башқұртстан билігі мұнай өңдеу зауыты немесе басқа инфрақұрылым нысандарының зақымданғаны, сондай-ақ зардап шеккендер туралы ресми мәлімет жариялаған жоқ.

Бұған дейін Владимир Путин өзінің жуырдағы Украинадағы соғысқа қатысты "іс аяқталуға жақын" деген мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берген еді. 

Журналистердің сұрағына жауап берген Путин соғыс жуырда аяқталады деп ойлайтынын қайталады, себебі оның пікірінше, ұрыс даласында Ресей әскерлері "барлық бағыт бойынша шабуыл жасап жатқан" көрінеді.

“Ұрыс алаңындағы жағдай бізге соғыстың аяқталуға жақын екенін айтуға негіз береді”, – деді Путин. 

Оның айтуынша, Ресей әскерлері жақын арада жеңіске жетеді.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 08 Шілде, 2026 15:54