Германиядағы гимназиялардың бірінде ер адам адамдарды пышақтап кетті

Германияның Бавария аймағындағы Шонгау қаласында орналасқан гимназияда белгісіз адам пышақпен бірнеше адамға шабуыл жасап, олар ауыр жарақат алды. Күдікті оқиға орнынан қашқанымен, көп ұзамай полиция оны қолға түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оsnmedia.ru порталына спорталына сілтеме жасап хабарлайды.
Германияның Бавария жеріндегі Шонгау қаласында орналасқан Вельфен гимназиясында 8 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 12:50 шамасында төтенше жағдай болды.
Полицияның мәліметінше, оқиға орнына 15-тен астам патрульдік көлік пен тікұшақ жіберілген. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаны көп адамға бағытталған шабуыл әрекеті болуы мүмкін деп қарастырып жатыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, бірнеше адам пышақ жарақатын алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің нақты саны мен олардың оқушы немесе мұғалім екені әзірге нақтыланбады. Полиция көптеген адамның жараланғанын растады.
Күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл мектеп аумағында және оның маңында жасалған.
Полиция тұрғындарды гимназия орналасқан ауданға жақындамауға шақырды. Ал оқушылардың ата-аналары мен жақындары үшін Банхофштрассе көшесіндегі өрт сөндіру бөлімінде арнайы жиналу орны ұйымдастырылды.
Лех өзенінің жағасында орналасқан, шамамен 12 мың тұрғыны бар Шонгау қаласындағы бұл оқиғаның мән-жайы мен күдіктінің әрекет ету себептері анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін 5 ақпанда Атырау облысы Құлсары қаласындағы №6 мектепте 11-сынып оқушысы қолына балта ұстап, өзіне тиіскен сыныптастарын қуған. Оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Зардап шеккендер болмаған. Кейін оқушының анасы ұлының ұзақ уақыт қатарластары тарапынан қысым көргенін айтып, оның әрекетін осы жағдаймен байланыстырды.
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті
Оқыңыз