Сауда министрлігі Иран Қазақстанға жалға берген порт аумағына соққы жасалды деген ақпаратты жоққа шығарды

Еліміздің Сауда және интеграция министрлігі Бендер-Аббас портындағы Қазақстанға тиесілі учаскеге соққы жасалды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ-тың Иранның оңтүстігіне жасаған әуе соққылары туралы хабарлардан кейін кейбір БАҚ беттерінде "АҚШ Қазақстан бір күн бұрын жалға алған портты бомбалады" деген ақпарат тарады.
Алайда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ол жерде нысаналы әуе соққылары жасалды, алайда біздің жер теліміне ешқандай әуе соққысы тиген жоқ. Сондай-ақ Қазақстан бұл жерді жақында ғана алғанын атап өткіміз келеді. Қазір аталған аумақта ешқандай инфрақұрылым нысандары жоқ", – деді Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова.
Еске салайық, бұған дейін Иран тарапы Иранның Бендер-Аббас қаласында, Ормуз бұғазының солтүстік жағалауында орналасқан Шахид Раджаи порты аумағында Қазақстанға жер телімін бөлу мәселесінің келісімі аяқталғанын хабарлаған еді.
Сонымен қатар Иран Чабахар порты портында Қазақстанға жұмыс істеу үшін жағдай жасауға дайын екенін растады. Бұл порт Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына тікелей шығуға жол ашады.
Фарзане Садектің айтуынша, Захедан – Чабахар теміржол желісі құрылысы 90%-дан астам аяқталған және нысанды алдағы айларда іске қосу жоспарланып отыр. Желі пайдалануға берілгеннен кейін Чабахар порты Үнді мұхиты, Орталық Азия және Еуропаны байланыстыратын халықаралық теміржол жүйесіне біріктіріледі.
Ал Қазақстан Иранға Ақтау порты мен Құрық порттарында арнайы алаңдар, айлақтар және терминалдар ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді. Бұл қадам Каспий теңізі арқылы ирандық компаниялардың логистикалық қызметін дамытуға бағытталған.
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті