Аида Сатыбалдинова WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (6-2-1, 2 КО) Монтебеллода (АҚШ, Калифорния) өткен кеште өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол америкалық Челси Андерсонмен (5-0, 2 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте боксшылар WBC International-дың жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белдігі үшін күш сынасты. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің шешімімен Андерсонның жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Челси Андерсон кәсіпқой мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBC International тұжырымы бойынша чемпион атағына ие болды.
"Леди спарта" лақап атымен танымал Аида Сатыбалдинова болса, кәсіпқой рингте осымен үшінші рет жеңілді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

