Айбек Дадебай Құрылтай төрағасы болып сайланды
143 депутаттың дауысымен Айбек Дадебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрылтайдың бірінші отырысында депутаттар ант берген соң, Құрылтай төрағасын сайлауға кірісті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Айбек Дәдебайдың кандидатурасына дауыс беруге 145 депутат қатысты. Соның 144 депутаты Айбек Дәдебайға дауыс беріп ол төрағалық міндетке сайланды.
“Құрметті депутаттар ең алдымен маған зор сенім артып, менің кандидатурамды Қазақстан Республикасы Құрылтай төрағасы лауазымына ұсынған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіремін. Құрылтайдың барлық депутаттарына да қолдағандары үшін рахмет айтамын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі тарихи жауапкершілік”, – деді ол.

Құрылтай төрағасының үш орынбасары қызметіне: Нұрлан Бекназаров, Динара Зәкиева және Дания Еспаева сайланды.
Еске салсақ, Тоқаев Айбек Дәдебайды Құрылтай төрағасы қызметіне ұсынған болатын.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?