Басты жаңалықтар
"Ағзада жеті ай бойы сақталады": Ғалымдар COVID-19 ауруының жаңа белгісін анықтады
Коронавирус дененің көптеген мүшелеріне, атап айтқанда жүрек пен миға ену арқылы жеті айдан астам уақыт бойы сақталады. Бұған АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институты (NIH) ғалымдарының Research Square алаңында жарияланған зерттеу нәтижелері дәлел бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың COVID-19-дан қайтыс болған 44 адамның денесінен алынған үлгілерді талдап, "симптомдар басталған 230 күнге дейін көптеген анатомиялық жерлерде, соның ішінде мидың барлық аймақтарында төзімді SARS-CoV-2 РНК" тапқаны атап өтілген.
- COVID-19 бедеулікке әкеп соғуы мүмкін бе? Қазақстандық маман жауап берді
- БҰҰ бас хатшысы: Коронавирус адамзат бетпе-бет келетін соңғы пандемия емес
Ғалымдардың мәліметінше, коронавирус дененің барлық мүшелерінен табылған сонымен қатар жеңіл белгілері бар науқастарда да кең таралған. Бұл ретте тыныс алу жолдарынан тыс ауыр қабынулар анықталмады. Зерттеу әлі тәуелсіз сарапшылармен тексерілмегенін атап өткеніміз дұрыс.
Талқылау

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
Мамандар мұнай қоры таусылса, экономиканы әртараптандыру керек деп санайды

"Өз аяғымен кірген бауырымның денесін 2 сағаттан соң алып шықтық": Дәрі еккеннен көз жұмған шымкенттік оқушының туыстары бауырының өліміне дәрігерлерді кінәлайды
Марқұмның ағасы бауырының бұған дейін мүлдем ауырмағанын айтты