Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19 бедеулікке әкеп соғуы мүмкін бе? Қазақстандық маман жауап берді

Қазақстанда бедеулікке шалдыққан жұптар саны көбеюде. Дәрігер-репродуктологтардың дерегіне сүйенсек, қазір бұл көрсеткіш 15%-ға жеткен. Сонымен қатар коронавирус инфекциясын жұқтыру да бедеулік себебі болуы мүмкін. Бірақ мұнда көбіне ер адамдар зардап шегеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

бедеулік

Бұған дейін коронавирус инфекциясынан емделіп шыққан қазақстандықтар есте сақтаудың нашарлауына, шаршау мен шаш түсуге шағымданған. Кейін вирустың репродуктивті мүшелерге де зиян келтіретіні анықталды. Яғни балалы болу деңгейі төмендейді. Бұл жағдайда COVID ер адамдар үшін қауіп төндіреді. 

"Аурудың кез келген формасын жұқтырған ер адамдардың спермограммасы көрсеткіштердің 50%-ға төмендейтінін көрсетті. Қайта қалыпқа келу ұзақ уақытты алады. Жарты жыл немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондықтан ер адамда ұрықтылық бірден төмендейді. Сондықтан барлық науқастарға айтарымыз, екпені елемей жүруге болмайды", –  деп мәлімдеді репродуктивті медицина институты директорының орынбасары Вадим Полумсиков. 

Дәрігерлер дерегіне сүйенсек, бедеулік мәселесімен бетпе-бет келген жұптар деңгейі 15%-ға жеткен. Мамандар бұл көрсеткіштің әлі де өсуі мүмкін екенін айтты.

"Тек еркекке тән бедеулік дерегі бар, ол шамамен 40 пайызға тең. Қалған 60 пайызы әйелдерде. Кейде мәселе екі жақта да болады. Бедеулік туа біте немесе жүре пайда болуы мүмкін",  – деді дәрігер-уролог Роман Безруков. 

"Экология, жұқтырған ауру немесе дұрыс тамақтанбау. Әсер ететін факторлар көп, өкінішке орай, оның қатарында біздің өмір салтымыз да бар. Компьютер алдында көп отырамыз, кей еркектер көліктен де түспейді. Белсенділік аз, май басып, артық салмақ одан әрі арта түседі", - деп қосты репродуктивті медицина институты директорының орынбасары Вадим Полумсиков.

Дәрігерлер статистикасы бойынша, бедеулік мәселесімен көп жағдайда 30-40 жас аралығындағы адамдар келеді екен. Мамандар бедеулікті емдеуге болатынын айтады. Мысалы, ер адамдарда 95 пайыз жағдайда көмектесуге болады. Ал бірінші баланы дүниеге әкелу үшін ең тиімді уақыт 27 жасқа дейін екен.

Талқылау