Ағайынды Емельяновтар Токио Олимпиадасында жартылай финалға өте алмады
Токио Олимпиадасында байдарка мен каноэде есуден ерлер арасындағы сайыста Сергей мен Тимофей Емельяновтар жартылай финалға жолдама ала алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сітлеме жасап.

Токио Олимпиадасында ерлер арасында 1000 м қашықтықтағы ширек финалдық сындар аяқталды. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар қатысты.
Ширек финалдың нәтижесі бойынша Қазақстан 3:55.157 көрсеткішпен төртінші орыннан көрінді. Мұндай нәтиже А финалына жолдама алуға жеткіліксіз болғандықтан, қазақстандық дуэт В финалында бақ сынайды.
В финалы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:45-те өтеді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар