“Бөтен адамның қолында емес”: Aeka Posh тұңғышының бөлек тұруына қатысты сынға жауап берді

Aeka Posh лақап атымен танымал блогер Айым Алтынбекова “Мамский әңгімеге” берген сұхбатында тұңғыш ұлының ата-анасымен бірге тұрып жатқанын айтты. Оның сөзінше, баласын бірнеше рет өз үйіне алып кеткісі келгенімен, ұлы әзірге бұған дайын емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабардайды.
Блогердің айтуынша, ұлы алты айлығынан бастап нағашы әжесінің қолында өскен. Сол себепті олардың арасында ерекше байланыс қалыптасқан.
"Үлкен ұлым қазір менің ата-анаммен бірге тұрады. Мен оны бірнеше рет өзіме алғым келді, бірақ ол әзірге үзілді-кесілді қарсы. Себебі ол алты айлығынан бастап менің ата-анаммен бірге тұрды. Олардың қарым-қатынасы өте жылы. Анам оны өз баласындай көреді”, – деді ол.
Айым Алтынбекова қазір жолдасының ата-анасынан бөлек тұранынын айтты. Ал ұлы жаңа ортаға біртіндеп үйреніп келеді. Қазір бала анасының үйіне екі-үш күнге барып тұрады. Блогердің айтуынша, ұлы қыркүйек айынан бастап олармен бірге тұруға уәде берген.
"Мен үшін бұл – қалыпты жағдай. Өйткені ол бөтен адамдардың қолында емес. Ол мені дүниеге әкелген, тәрбиелеген анамның жанында. Әрине, кейде аудитория маған “Сен қандай анасың, үлкен ұлыңды тастап, тұрмысқа шығып кеттің” дегендей кінә сезімін таңғысы келеді. Бірақ адамдар көп нәрсені білмейді. Біз көрсетпесек, айтпасақ, бұл мен оны тастап кетті деген сөз емес”, – деді блогер.
ОқыңызAeka Posh ұлын назардан тыс қалдырмайтынын, оған бар махаббатын беріп жүргенін айтты. Ол өзін баласы үшін жақсы анамын деп санайтынын жеткізді.
"Мен оны мейірімнен, назардан айырған жоқпын. Оған бар махаббатымды беремін. Мен үшін ол қандай қымбат болса, мен де ол үшін ең жақсы ана екеніме 100% сенімдімін”, – деді ол.
Блогер баласының жеке шекарасын және әжесіне деген ерекше жақындығын құрметтейтінін айтты. Бұған дейін ұлын бір аптаға өз үйіне алып келгенде, бала қатты күйзеліске түсіп, үнемі жылап, әжесіне хабарласа берген.
"Мен оған бәрін жасап берсем де, қалағанын алып берсем де, қыдыртсам да, бәрібір әжесі оған өте жақын. Олардың арасында ерекше байланыс бар. Сондықтан әзірге оны қинамаймыз", – деді Айым Алтынбекова.
Қазір ұлы тоғыз жаста. Блогер баласын жасөспірімдік кезең басталмай тұрып өз жанына алғысы келетінін айтты. Себебі кейін бұл процесс қиындауы мүмкін деп санайды.
"Онымен ашық сөйлестім. Ол өте ақылды бала. Мені ренжіткісі келмейді. “Сенің үйіңе демалыс күндері келсем бола ма? Күні бойы сенің жаныңда болып, бірақ түнде апашканың үйіне барып жатсам бола ма?” дейді. Сондықтан мен оның әзірге дайын емес екенін түсінемін. Біз оған қысым жасамаймыз, уақыт беріп отырмыз", – деді блогер.
Айта кетейік, бұған дейін Айым Алтынбекова бұрынғы күйеуі, әнші әрі актер Дидар Кәден алимент төлемейтінін айтқаны хабарланған еді.
Оралда 97 жастағы тыл ардагері өзіне тиесілі жәрдемақысын ала алмай қалды