Адыраспанды апаруға болмайды: Бас прокуратура Ресейге баруды жоспарлаған қазақстандықтарға ескерту жасады
1 маусымда бас прокуратура Ресейге барғысы келетін қазақстандықтарға ескерту жасады. Себебі Ресей Федерациясында адыраспанға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес гармала өсімдігі немесеадыраспан құрамында есірткі немесе психотроптық заттар бар өсімдіктердің тізіміне енгізілген.
Аталған затты Ресей шекарасы арқылы өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырып, бір миллион рубльге дейінгі айыппұл салынады. Ал ерекше iрi мөлшерде әкелгенi үшiн 15-тен 20-ға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырады.
"Демалыста Ресей аумағына баратын азаматтардың артуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін бас прокуратура азаматтарға аталған заутты шекарадан өткізбеу керек екенін ескертеді", – деп хабарлады бас прокуратурасы.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған