Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экономика министрлігі мобильді аударымдарға тексеру жөніндегі талапты жеңілдетуден бас тартты

Үкімет депутаттардың айына 1,5 миллион теңгеден басталатын мобильді аударымдарды қадағалау туралы өтінішін қабылдамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров "Ақ жол" партиясының депутаттық сауалына берген жауабында мобильді аударымдарды бақылау жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталғанын еске салды.

Министрдің сөзінше, көптеген кәсіпкер бизнеске арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы тауар, жұмыс және қызмет үшін ақы алады.

Сонымен қатар ведомство басшысы бір жеке тұлғаның әрбір қатарынан күнтізбелік үш айда жүз және одан да көп әртүрлі тұлғадан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотқа ақшалай қаражат алуын критерийге сәйкес іске асыру керегін айтады.

Бұл ретте бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсерін тигізбейді. Жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдар жасай алады және қабылдай алады. Бұдан басқа қазір дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар адамдарды алып тастау бөлігінде қолданыстағы өлшем шартқа өзгерістер енгізу мәселесі пысықталып жатыр.



"Осыған байланысты критерийдің келесі нұсқасы қарастырылып жатыр. Бір жеке тұлғаның банк шотына қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан (255 000 теңге) асатын ақшалай қаражатты ай сайын алуы). Жоғарыда айтылғандарға байланысты егер жеке тұлғаның кірісі айына 1,5 миллион теңгеден асса, мобильді төлемдерді бақылау туралы ұсыныс салық әділдігі қағидатына қайшы келеді деп есептейміз", – деп атап өтті министрлік.

Мониторингке жататын ұялы байланыс төлемдері бойынша бөлшек сауда салығын автоматты түрде алуды енгізуге де қолдау көрсетілмейді. Бұл критерий тек іскерлік белсенділік белгілері бар транзакцияларды анықтауға арналған және қандай да бір жолмен ұйымның салық төлеуден жалтаруының дәлелі бола алмайды.

Бұған дейін депутаттар мобильді төлемдердің мониторингін тек 1,5 миллион теңге сомасынан бастап жүргізуді ұсынған еді.

Талқылау