Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділет министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

Әділет министрі лауазымына Ерлан Сәрсембаев тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото. gov.kz

Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. 

“Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Әділет министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы 1975 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген.

Алматы энергетика және байланыс институтын "Радиоинженер" мамандығы бойынша  (1997), Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген (2000).

Еңбек жолы

  • 1998 жылы – Халықаралық ынтымақтастық департаментінің ТМД елдерімен әскери ынтымақтастық бөлімінің офицері;
  • 1998-2002 жылдар аралығында – Қорғаныс министрі аппаратының Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің Шарт-құқықтық бөлімінің офицері, аға офицері лауазымдарында әскери қызмет атқарды;
  • 2002-2003 жылдар аралығы – премьер-министр кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің консультанты;
  • 2002-2005 жылдар аралығы – премьер-министр кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп секторының консультанты, кейін меңгерушісі  болды (2002-2005).
  • 2005-2011 жылдар аралығы – парламент сенаты аппаратына ауысып, Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара іс-қимыл бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Парламент сенаты аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды;
  • 2011-2016 жылдары Ұлттық қауіпсіздік органдарында ҰҚК Заң департаменті бастығының орынбасары, бастығы қызметін атқарды;
  • 2016 жылдан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында әртүрлі басшылық қызметтерде болды: Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара іс-қимыл бөлімі меңгерушісі (2016-2017). ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары (2017-2019). ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі (2019-2022).
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды. (01.01.2023 ж. бастап)
  • "Ерен еңбегі үшін" "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісімен және бірқатар мерекелік медельдармен, сондай-ақ Жоғарғы Соттың, ҰҚК, ҚорМинінің, ТЖМ-нің ведомствалық наградаларымен марапатталды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Азамат Есқараев атқарған еді. 2025 жылы 9 қаңтарда Тоқаевтың бұйрығымен Есқараев қызметінен босатылған. 

Талқылау