Әділбек Ниязымбетов тоққа түсіп екі қолынан айырылған Балғынбекке тосынсый жасады (фото)
Тоққа түсіп қос қолынан айырылған жасөспірім Балғынбек Бахтиярға тосынсый жасалды.

Бұл туралы Қазақстан арнасы хабарлады.
Өңірдің бокс саңлақтары жеткіншек тұратын Бейнеу ауданына арнайы барып, оның жігерін жаныды. Балғынбек Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовпен өз үйінде жүздескеніне қуанышты. Сондай-ақ, есімдері елге мәлім чемпиондардың «Маңғыстау» бокс клубының атынан жасаған қаржылық көмегі мен ағалық қамқорлығына дән риза.
Бұған дейін 11 жасар Балғынбектің тоққа түсіп екі қолынан бірдей айырылғанын, отбасы көмекке мұқтаж екенін жазған болатынбыз.
Тағы да оқыңыздар:
Әкімдік Олимпиада жүлдегері Ниязымбетовке 32 млн теңге тұратын үй алып берді
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар