Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдік Олимпиада жүлдегері Ниязымбетовке 32 млн теңге тұратын үй алып берді

2016 жылғы Рио олимпиадасында күміс жүлдегер атанған маңғыстаулық Әділбек Ниязымбетовке құны 32 млн теңге тұратын пәтер сыйланған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

86b8f95883da5c9c8e2f3c4d5deda780_XL

“ҚР 2014 жылы 3 шілдедегі “Дене шынықтыру және спорт туралы” №228 заңының 8 бабына сәйкес, жергілікті атқарушы орган Олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиялық ойындар чемпиондары мен жүлдегерлерін баспанамен қамтамасыз етеді. 47 бапта жоғарғы деңгейдегі ойындар жеңімпаздарына үй беру мәселесі көрсетілген. Заңда үйдің шаршы метрі мен бағасы туралы айтылмаған, бірақ, күміс жүлдегерге екі бөлмелі пәтер берілетіні көрсетілген”, – деді Маңғыстау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының өкілдігі.

Оның айтуынша, заңда баспананың спортшының жеке меншігіне берілетініне де анық жазылған.

“Иә, сол сомадағы қаражат бөлінді. Бұл ақша облыстық мәслихат сессиясында бекітілді”, – деді басқарма.

Оқи отырыңыздар:

Шахмат ханшайымы Динара Сәдуақасова әлемнің ең мықты ТОП-30 әйелдері қатарына енді

Жансая Әбдімәлік Евразияның ең әдемі шахматшысы деп танылды

17 жастағы боксшы турнирдегі жекпе-жектен кейін қайтыс болды

Промоутер Головкин-Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні туралы айтты

Талқылау