"Адамзаттың масқарасы": Депутат Еділ Жаңбыршин ЛГБТ туралы даулы мәлімдемелері үшін жазаланбайтын болды

Астана соты депутат Еділ Жаңбыршиннің үстінен шағымданған қазақстандықтың арызын қанағаттандырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық Виталий Шевченко Facebook-тегі жазбасына жазылған пікірде өзін “адамзаттың масқарасы” деп атаған депутат Еділ Жаңбыршинге қарсы азаматтық шағым түсірді. Жазба депутат көтерген Қазақстандағы ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы бастамаға қатысты болған.
Әлеуметтік желіден скрин
Шағымданушы депутаттың сөздерін өзінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп тануды, депутатты қоғам алдында кешірім сұрауға міндеттеуді, сондай-ақ мәжіліс пен “Amanat” партиясына қатысты жеке қаулылар шығаруды талап еткен.
Сотта Виталий Шевченконың адвокаты арызданушының Конституцияда бекітілген пікір білдіру бостандығын пайдсланғанын, ал жауапкердің мәжіліс депутаты екенін, сондықтан әдеп нормаларын сақтауға және мұндай мәлімдемелерге жол бермеуге міндетті екенін ерекше атап өтті.
Ал депутаттың өкілі Шолпан Сәрсенова соттан арызды қанағаттандырмауды сұрады. Оның айтуынша, депуаттың даулы сөздері дәлелденетін нақты деректерді білдірмейді және тек жеке пікір мен эмоционалды бағалау болып табылады.
Сот отырысында сот сарапшысы Диляра Жазитовадан жауап алынды. Сарапшы депутаттың мәлімдемелері ешкімді қорламайтынын, тек “жеке пікір” ретінде қарастыруға болатынын атап өтті.
Арызданушының адвокаты "ЛГБТ‑ны насихаттама" деген сөз арызданушының осындай әрекетпен айналысып жатқанын меңзейтінін, сондықтан оны қорлайтын ақпарат деп санауға болады деп талап етті.
Сот сарапшысы бұл пікірмен келіспеді және даулы сөздер пікір түрінде берілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ақпарат нақты факт ретінде берілмеген жағдайда, ол субъективті пікір болып есептеледі.
Судья сараптама қорытындысына сілтеме жасай отырып, Жаңбыршиннің сөздерінде арызданушының ар-намысы, қадір-қасиеті немесе кәсіптік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болмаған деген шешім шығарды.
"Сот Виталий Шевченконың арызындағы Жаңбыршин Еділдің жауапкер тарап таратып отырған ақпаратын қорлайтын, ар-намыс пен қадір-қасиетке, кәсіптік беделге нұқсан келтіретін деп тану, сондай-ақ ресми кешірім сұрап, өз парақшасында жариялауды міндеттеу талаптары қанағаттандырмады", – делінген сот үкімінде.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинді әлеуметтік желідегі мәлімдемесі үшін сотқа бергені туралы жазған едік.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты