Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамзат арасында ақыл-есінен алжу індеті қаупі төніп тұр

Коронивируспен ауыратын кейбір науқастарда пайда болатын шатасқан сана - делирийдің салдарынан адамзат арасында деменция эпидемиясы таралуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдардың пікірінше, бұл неврологиялық синдром ми жасушаларының зақымдануын көрсетеді және тұрақты болуы мүмкін. Страсбургте (Франция) жүргізілген зерттеулерге сәйкес, коронавирустың ауыр түрімен ауырған науқастардың 65 пайызы осы симптомнан зардап шекті.

Имануэль Кант атындағы БФУ медициналық институтының психиатрия және нейробиология кафедрасының меңгерушісі Игорь Реверчуктың айтуынша, қауіп аймағында миы ұзақ уақыт мас болу, анестезия немесе гипоксия салдарынан әлсіреген, сондай-ақ тұрақсыз психикасы бар немесе психотропты заттарды ұзақ қабылдаған адамдар тұрады.

"Ғылымда бұл мидың минималды дисфункциясы деп аталады. Ми температураның өзгеруіне, тоқырауға, көлікте ұзақ уақыт жүруге әдеттегідей реакция жасай алмайды", - деп түсіндірді ғалым.

Айта кетейік, деменция - бұл алжығандық, адамның ақыл-ой қабілеттерінің жалпы нашарлауы, күштілігі соншалықты, тіпті ол күнделікті тіршілік әрекетіне кедергі келтіреді. Ол есте сақтау қабілетіне, мәселелерді шешуге, оқуға және өзге де психикалық функцияларға әсер етеді.

Бұған дейін Джонс Хопкинс Медициналық мектебінің ғалымы коронавирус пандемиясы психикалық аурудың эпидемиясын тудырды деген қорытындыға келген еді. Ол сонымен қатар психикалық бұзылулары бар адамдар COVID-19 жұқтыруға бейім екенін атап өтті.

Талқылау