Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы кездесуде қойылатын төрт сұрақ

Егер жігітті немесе қызды жақынырақ танығыңыз келсе, арнайы төрт сұрақ қойыңыз. Swipe Life блогының авторы Бриэнна Холт (Brianna Holt) Tinder қосымшасы арқылы танысқан жігіт пен қыз алғашқы кездесуге барғанда бір-бірінен не сұраған жөн екенін атап көрсетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық порталы.

танысу

Оның айтуынша, осы сұрақтар арқылы ары қарай ол адаммен араласуға бола ма, жоқ па анықтауға болады екен. 

Холт алғашқы танысқанда адамнан бірінші жұлдыз-жорамалын сұрап алу керектігін айтады. Екінші, соңғы рет қашан байланыста болғанын сұраған жөн екен. Бұл арқыры ол адамның тәжірибесін және сол кезде өзін қалай ұстағанын білуге болады дейді. 

Келесі сұрақ, қандай музыка тыңдайтынын сұрау керек. Музыка болуы міндетті емес, басқа нәрселер де болады. Бұл ортақ көзқарасты білу үшін қажет. Ал төртінші, аборт жасатуға көзқарасы қандай екенін сұраған дұрыс.  Оның пікірінше, осындай тақырыптарға жауап беруден қашу арқылы жігіт пен қыз келесі айдан бастап-ақ, қарым-қатынасты ары қарай да жалғастыру керек пе, жоқ па соны анықтай алады.

Егер сіз де Tinder қосымшасы арқылы жігіт немесе қызбен танысқыңыз келсе, осы төрт сұрақты ұмытпаңыз. Сондай-ақ, ол жерге портрет суретіңізді жүктеңіз. Фотографтар сол оңтайлы екенін айтуда. 

Талқылау