Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арқа сүйер адамым жоқ": Мақпал Исабекова ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы сыр шертті

Мақпал Исабекова
Фото: instagram.com/makosyai

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова ажырасқаннан кейінгі өмірі мен жалғыз өзі жауапкершілік арқалаудың қиындығы туралы ой бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бірқатар Stories жариялаған. Өнер иесінің айтуынша, бүгінде күнделікті тірліктің бәріне үлгеру физикалық тұрғыдан оңай емес. Дегенмен ол қазір өзін бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл сезінетінін жеткізді.

“Маған моральдық тұрғыдан ауыр емес. Өйткені арқа сүйер адамым жоқ екенін және мұның бәрін менен басқа ешкім істемейтінін түсінемін”, – деді әнші.

Мақпал Исабекова отбасылы болған кезінде де үй шаруасы мен бала тәрбиесіне қатысты міндеттердің басым бөлігін өзі атқарғанын айтты. Алайда жанында жары бола тұра, барлық істі жалғыз орындау адамның көңіліне басқаша салмақ түсіретінін жасырмады.

“Некеде жүріп, қасыңда ер адам бола тұра, бәрін өзің істеуге мәжбүр болсаң, жалғыздықты қатты сезінесің. Сондай кезде “Онда мұның бәрі не үшін керек?” деп ойлайсың”, – деді ол.

Әншінің бұл пікірі тұрмыста жүріп-ақ бар жауапкершілікті жалғыз арқалап жүрген көптеген әйелге таныс жағдайды қозғады.

Мақпал Исабекова
Фото: instagram.com/makosyai

Еске салайық, бұған дейін Мақпал Исабекова алғаш рет ажырасқанын мәлімдегені хабарланған еді. Кейінірек ол оқырмандарына уәде берді. 

Өнер иесі тыңдармандарына “Оңалдың” атты жаңа әні мен бейнебаянын ұсынды. Музыкалық туынды тыңдармандар тарапынан жоғары бағасын алды. Әнші оқырмандарына қолдауы үшін алғыс айтып, бұл ән өзінің жан дүниесіндегі күйді жеткізетінін мойындады. Сондай-ақ Мақпал Исабекова тыңдармандарына уәде берді.

“Сіздерге көп жаңа ән сыйлауға уәде беремін, таңғалдыруға, шабыттандыруға, әндерім арқылы емдеуге, махаббат пен жылулық сыйлауға тырысамын. Себебі мұның бәрін сіздерден аламын, ал мен сіздердің махаббаттарыңызды еселеп қайтарғым келеді”, – деп жазды әнші.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 10 Маусым, 2026 19:25