Қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына білім гранты беріледі
Қазақстанның екі жоғары оқу орны Астанадағы пәтерлердің бірінде шыққан өртте адамдарды құтқарып, өзі қазақ тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жесірі мен балаларына білім грантын беруге дайын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғарғы білім министрлігі өрт сөндірушінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
"Ол өрт кезіндегі іс-әрекетімен ел алдындағы азаматтық борышына адалдық пен ерліктің нағыз үлгісін көрсетті", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жоғары оқу орындарының ректорларына өрт сөндірушінің отбасына грант бөлу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды, екі жоғары оқу орны марқұм Асқар Забикулиннің балалары мен жесірі үшін білім гранттарын бөлуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Солардың бірі – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті. Университет Асқар Забикулиннің балаларына оқуды аяқтаған соң кез келген бакалавриат мамандығына грант бөлуге уәде берді.
-
Көз жұмған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің несиелері төленіп, отбасына үш бөлмелі пәтер берілді
-
"Асқар аға, рахмет сізге": Құтқарушы қаза тапқан қайғылы оқиға туралы куәгер айтып берді
Бұл ретте балалар жазғы IT-лагерьге және университеттік жатақханада тұрумен университет базасындағы жазғы тіл мектебіне қатыса алады. Марқұмның жұбайы Анели Забикулинаға "Адам ресурстарын басқару" мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді.
Сонымен қатар, AlmaU батырдың жесірі Анели Забикулинаға MBA бағдарламасы бойынша оқуға толық грант бөлуге дайын екенін мәлімдеді.
Бүгін Көкшетау қаласында жақындары ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау капитаны Асқар Забикулинді соңғы сапарға шығарып салды.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады