AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар сенбейді": Ақтаулық азамат көлігімен жолаушыларды тегін тасымалдайды

Ақтау қаласының тұрғыны Қуандық Өміров күнде кешкісін қала ішін көлігімен аралап, жолаушыларды діттеген жеріне ақысыз апарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар "Қала бойынша тегін TAXI" деп тақтайша жабыстырған көлік жүргізушісін бірден таниды. Ақша төлемей жеткендер әлеуметтік желіге жарыса жазады. Ал Қуандық Өміровтың мақсаты – пандемия жағдайында тұрғындардың көңілін көтеру, сауапты іс жасау.  

“Көздеген жеріме жеттім, ақшасын төлейін десем, ақша алған жоқ, қуанып кеттім, таңқалып жатырмын. Қазіргі кезде үлкен адамдар бар, жұмыссыздар бар, соларға үлкен көмек, жомарт жандар көбейе берсін. Еңбегі Алладан қайтсын”, – дейді қала тұрғыны Әйгерім Серікбаева.

Қуандық Өміров автоэлектрик болып жұмыс істейді. Шағын нүктесінде 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Темір-терсек жөндеп, тапқан нәпақасын отбасына жұмсайды. Артық қаражатына көлігіне жанар-жағармай құяды. Дүйсенбі-жұма күндері аралығында таңертең 7-ден 8-ге дейін, кешке 8-ден түн жарымға дейін қала тұрғындарын тегін жеткізіп салады. Ал сенбі, жексенбіде күні бойы жолаушыларды тасымалдайды екен.

“Бұл идеяны 3 ай болды ойлап жүргеніме. Бірақ халық қалай қарайды деп ойладым. Бір жұма болды ашқаныма, такси тегін деп аялдамаға келіп айқайлаймын, елдер қуана-қуана мінеді. Біреулер түсінбейді, вакцина салдыртасыңдар ма деп сұрайды. Қорқатын да шығар, Маңғыстауда тегін такси тарихта болмаған дейді”, – дейді қала тұрғыны Қуандық Өміров.

Қуандық Өміровтің алдағы уақытта да сауапты істі жалғастыру жоспарында бар. Мүмкіндігі болса, аптасына 1 рет автобус шығарғысы келеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр