Мексикада көзсіз жұмбақ тіршілік иесі табылды
Мексикада белгісіз тіршілік иесі мұхит жағалауынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мексика түбегіндегі Пунта-Мита жағалауынан өткір тісті, көзі жоқ, дельфин мұрынды, ұзын құйрығы бар белгісіз тіршілік иесі табылды.
Белгісіз тіршілік иесін жергілікті тұрғындар жағалауда серуендеп жүргенде тауып алған. Алғашында куәгерлер оны өлі дельфинмен шатастырып алған, бірақ кейінірек оны мұхит түбінен шыққан деген шешімге келген, өйткені оның көздері болмаған.

Балық аулаушылардың айтуынша, Пуэрто-Вальларта қаласының маңындағы суларда бірнеше шақырым тереңдікте шұңқыр пайда болған. Осындай жер белгісіз тіршілік иелерінің мекендейтін жері болуы мүмкін. Жергілікті ақпарат құралдары осы уақытқа дейін ешкім ерекше жануарды танып, оны анықтай алмады деп растады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар