Адам ойын оқитын құрылғы ойлап табылды
Массачусетс технологиялық институтының мамандары адам ойын оқи алатын AlterEgo құрылғысының баламасы ойлап тапты.

Бұл туралы CNet жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Құрылғының жұмыс істеу принципі ми сигналдарын сүйектен өткізуге негізделген. AlterEgo-ны қолдану үшін девайс кию керек. Ол мидан келетін ақпаратты қорытып, бұйрықтарды орындайды. Мысалы, егер “Сағат неше?” деп ойласа, құрылғы дәл уақытты айтады. AlterEgo басқа да қарапайым бұйрықтарды орындай береді.
Инженерлердің айтуынша, құрылғы ойдың 92 пайызын оқиды.
Құрастырушының айтуынша, жаңа құрылғы адам интеллектін кеңейтеді.
Тағы оқыңыз:
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған