Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Абайлап сөйлеуі керек": Баян Мақсатқызы Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы “Хиджаб кимегені үшін әйелдерін ұрады” деген пікір айтқан Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Продюсердің айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болмаған көрінеді. 

“Халық алдында жүрген адам әр сөзін абайлап айтуы керек. Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңе қалдырыңдар. Құдай, иман дегендер әркімнің жүрегінде болады. Сендердің сөздеріңде, киімдеріңде емес. Меккеге барып, құлшылық жасап фото саласыңдар. Кейін іш киімммен жүргендеріңді көрсетесіңдер. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ”, – деп жазды продюсер. 



Айта кетейік, “Балқия”, “Қызыл раушан” әндерінің авторы Ұланғасын Қамидың тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты айтқан пікірі дау туғызған еді. 

“Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс... Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты, – деген еді хитмен.

Еске салайық, бұған дейін "Әлеуметтік араздықты қоздырды" деп әншінің үстінен арзы түскен еді. 

Алайда  ІІМ Ұланғасыр Қамиге қатысты шешім шығарып, сөздерінде қылмыстық құрам жоқ екенін айтты. 

Талқылау