Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Таяқ жеген Ұланғасыр емес”: Ұланғасыр Қамиевтің продюсері тараған видеоға қатысты сұхбат берді

Соңғы күндері әлеуметтік желіні шулатқан “Қызыл раушан” әнінің орындаушысы Ұланғасырдың видеосына қатысты әншінің продюсері Назерке ханым алғаш рет тілшімізге экслюзив сұхбат берді.

©instagram.com/ulangasyrqamiev

 – Назерке ханым, экслюзив сұхбат беруге келісім бергеніңізге рахмет. Жалпы бұл видеоны алғаш рет қашан көрдіңіз және қалай қабылдадыңыз?

 – Біз бұл кезде жолда едік. Алматыдан Астанаға, Астанадан Арқалыққа жолға шыққан едік. Жолда байланыс болмады. Тек Арқалыққа жеткен кезде барлық тума-туыс, жақындарымыз, достарымыз WhatsApp-қа жіберген еді. Әу баста “шок” болдық. Мұндай видео қайдан қалай шыққанын түсінбей қалдық.

 – Ал Ұланғасыр өзі туралы сын-пікірлерді қалай қабылдауда?

 – Әрине, бірінші кезде бәріміз де ашуландық. Себебі, бұл біздің тарапымызға, маңдай тер еңбегімізге жасалған қастандық. Алайда видеода Ұланғасыр еместігін өзіміз біліп отырмыз. Сол үшін Ұланғасыр да қалыпты қабылдауда.

 – “Әркімнің өз шындығы бар” демекші бұл оқиғаға қатысты қандай пікір айтасыз?

– Әлеуметтік желіде тараған жаңалыққа байланысты айтарым, біріншіден, ондай ақпаратты таратпас бұрын кейбір журналистер қауымы, Ұланғасыр Қамидың продюсері ретінде менен бір ауыз мәселенің мән-жайын біліп алып жариялау керек еді. Екіншіден, кезінде өзі ел алдында қадірін кетірген Жан Ахмадиев осы ақпаратты өзінің Instagram парақшаларына пост ретінде салып, одан бетер ушықтырған. Бұл оған қандай пайда әкелді екен деген ой туындайды. Осы оқиғаға байланысты ресми түрде еш жерге әлі мәлімдеме жасамадық. Барлық таратушылар өтірік-шыны аралас ақпаратты іліп алып, әлі де жарыса жария жасап жатыр.  Алғаш рет сіздерге сұхбат берудемін. Төбелес сәті бар видеода Ұланғасыр емес. Біз мұндай келеңсіз жағдайға тап болмадық.  

– Яғни жалған ақпарат болғаны ма?

 – Иә, және қазір тарап жатқан ақпараттардың арасында да шындыққа жанаспайтындары көп. Видеомонтаж жасап, әлеуметтік желіге таратқан адамдарды мен бұлай қалдырмаймын. Айтпақшы, мен барлық журналистерге топырақ шашудан аулақпын. Әр істің шекарасын біліп, мән-жайды анықтауға тырысатын кәсіби мамандарға ризамын. Бірақ арасында “шаш ал десе, бас алатындар” бар екені жасырын емес. Қазір өнер иелерінің сүрінген сәтін шулатып, сенсация жасау трендке айналған. Алайда қоғамда әншілерден де бөлек көтерілуі керек қоғамдық проблемалар жетеді.

Айта кетейік, Айта кетейік, әлеуметтік желіде Жетісу облысына тойға барған Ұланғасыр Қамиевтің той қонақтарымен жаға жыртысқан бейнежазбасы тарады. Болған жағдайға қатысты жергілікті полиция департаменті де, әншінің өзі де түсініктеме берді.

Талқылау