Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Абайлаңыз, "Сәтті жұма": Мамандар жаппай сату маусымында алаяқтардан қорғанудың жолдарын айтты

Қазақстанда жақында “Сәтті жұма” акциясы өтеді. Бұл тауар алу кезінде ақша үнемдеп қалуды қалайтындар үшін – ең сүйікті күн. Бірақ үлкен жарнамалар күні алаяқтарға тап болу оңай, деп ескертеді мамандар. Олар жалған дүкендер ашып немесе жоқ заттарды сатуы мүмкін. Олардың қақпанына түсіп қалмау үшін не істеу керек? Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Сатти жума

“Сәтті жұманы” тек жеңілдіктерді ұнататындар ғана емес, алаяқтар да асыға күтеді. Киберқылмыскерлер танымал веб-сайттарға шабуыл жасап, сонымен қатар жалған дүкендер ашумен ғана шектелмей, технологиялық брендтер мен сәнді киім аттарымен сату алаңдарын ашады. 

“Сайттың мекен-жайына, онда қателердің бар-жоғына жіті назар аудару керек. Кейде "O" әріптерінің орнына нөл санын жазуы ықтимал. Егер сіз телефоныңыз арқылы төлеп, сілтемелер арқылы өтсеңіз, қылмыскер сіздің шотыңызға және мобильді банкингке қол жеткізе алады, бәрін өзіне аударып, сіздің атыңыздан несие де рәсімдеп жібереді. Затты тек жүктеп алынған ресми интернет-дүкеннен немесе платформадан сатып алу керек”, – деп ескертеді киберқауіпсіздік бойынша маман Евгений Питолин.

Сарапшылар қазақстандықтарды абай болуға және қауіпсіз сауда ережелерін сақтауға шақырады: жеке мәліметтерді енгізер алдында күмәнді хабарламалардағы сілтемелерді баспаңыз және веб-сайттың мекенжайын тексеріп алыңыз. Қазақстан полициясы жыл басынан бері 19 мыңға жуық интернет-алаяқтық фактісін тіркеген. Тәртіп сақшылары тауарды сатып алу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін де еске салады.



“Дүкен сіздің қалаңызда болмаса, тапсырыс беріп жатқан қаладағы туыстарыңызға немесе достарыңызға қоңырау шалыңыз, олар келіп, сапасына көз жеткізіп, содан кейін транзакция (төлем – ред.) ғана жасаңыз. Сондай-ақ азаматтарға белгілі бір өнім үшін төлемді толығымен жібермеу керектігін ескерткім келеді. Осыған назар аударып, осы дүкендерді тексеруді азаматтарға ескертемін”, – дейді ішкі істер министрлігі криминалдық полиция бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Аман Әубәкіров.

Сонымен қатар сарапшылар тауардың арзан бағасына алданбай, тауарларды қайтару шарттары туралы ойлануды ұсынады.

Талқылау