Абай облысындағы орман өртінен 3 қызметкер қаза тапты, тағы 11 адам іздестіріліп жатыр
Абай облысындағы орман өрті ырық берер емес. 30 мың гектар алқапқа жайылған отты сөндіру кезінде 3 адам көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында жазды.
“Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді. ТЖМ мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр”, - делінген жазбада.
Сондай-ақ, ол Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылғанына да тоқталған.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы орман өртінен ауыл халқы үдере көшіп, шарпыған өрт аумағы 30 гектарға жеткенін жазған едік.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"
