Абай облысында көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты іс сотқа жолданды
Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеуді аяқтады. Іс сотқа жолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото iStock
Деректерге сай ол өзінің қарамағындағылар арқылы аудандық қызметкерден өз бөлімшесіне ауысқаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу бойынша күдікке ілінген.
“Енді жоғарыда аталған барлық лауазымды тұлғалар пара алу фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 20 мамырында облыс прокуратурасы қылмыстық істі сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"