Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегейдің қызы әкесінің туған күніне ерекше сый жасады

Қазақ әншісі Абай Бегей қызы Ерке Ниязқұлованың дүниеге сәби әкелгені туралы қуанышты хабарды жеткізді. Сәби жұлдызды атасымен бір күнде дүниеге келген.

Әнші немересі дүниеге келгенін Instagram желісінде хабарлады.

"Аллаға сансыз шүкірлер болсын! 2022 жылы 31 мамырда туған күніме қызым Ерке үлкен сыйлық жасады. Адик, осы дүние есігін ашқан сәбидің бауы берік болсын. Қуанып отырмын. Рахмет. Жылы лебіздер мен тілектер үшін көп рахмет", – деп жазды Абай Бегей.

"Туған күніңмен! Хан мен Әміренің әпкесі дүниеге келді. Ханшайымым, сені көргенде қуаныштан сөйлей алмаймын! Бақытты бол!" - деп жазды Ерке өзінің Instagram желісінде.

Қызы әкесінің туған күніне ерекше жазба арнады. 

“Алладан шын жүрегіммен тек денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін. Сізде басқаның бәрі бар. Әкешім, бала кезде де, осы жаста да өзгеден кем етпей бәрін бердің - махаббатты да, жылулықты да аямадың. Бүгін осы жасқа келіп, есейсек те, өзіңнің сол баяғы кішкене балапандарың боп қала бермекпіз. Сіздің орныңыз жүрегімізде ойып тұрып орын алады. Бақытты болуыңыз, сіздің тәрбиеңізді алып, үмітіңізді ақтау – өмірлік мақсат. Сіз аман болыңыз, жасыңызға жас қосыла берсін! Қартаймаңыз, жасымаңыз! Біз, балаларың, қашанда жүрегімізбен жаныңдамыз. Дәл бүгінгі қос қуанышыңызда ай-күнім жетіп жаныңызда бола алмай отырмын. Алла жазса аман-есен босансам келесі ай Ханшайымыммен барамын”, – деді Ерке. 

Абай Бегей мереке қарсаңында жанкүйерлерімен тағы бір қуанышты жаңалығын бөлісті.

Ол өз үйінің құрылысының аяқталғанын айтты.

"Көз қорқақ, қол батыр. 2020 жылдың 6 маусымында құрылысты бастадық. 2022 жылдың 31 мамырында жаңа үйге көшеміз. Әр қазақтың өз баспанасы болсын", - деп жазды әнші.

“Бауы берік болсын”, – деп жазды Салтанат Бақаева.

“Керемет, құтты болсын, бауы берік болсын”, – деп жазбы Ернар Айдар.

“Маша,Аллах! Бауы берік болсын, Абекем!”, – деді Нұрболат Абдуллин.

“Бауы берік болсын! Әбеке, сіздің де туған күн құтты болсын”, – деді Жасұлан Базарбаев.

“Абай аға не деген өте қарапайым пейілі аппақ, ақ көңіл жансыз, Алла сол нитіңізге бар жақсыны үйіп-төгіп бере бергей”, “Бауы берік болсын!Туған күніңізде құтты болсын! Жүз жасаныз– деді желідегілер. 


"Үлкен қызым сол үшін араласпай кетті": Абай Бегей әйелі қайтыс болған соң балаларынан жасырын үйленгенін айтты

Талқылау