"Абай - қазақ халқының құтқарушысы" - Мұрат Әуезов
Қазақстандық қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әуезов Абай күнін мерекелеудің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Абай - қазақ халқының құтқарушысы. Мұнда ешқандай асыра сілтеу жоқ, өйткені XX ғасырдың басындағы ауыр кезеңді өткерген "Зар заман" ақындары да осы аталған ғасырдың қиын болатынын сезді. Абай да білді, оның кемеңгерлігі сол, ол халықтың мәдениетін, тілін, әдебиетін, дінін сақтап қалуға жол таба білді. Абай, бұл жасанды тұлға емес, ол шынымен де біздің тарихымыздың адамы, өткен ғана емес - өткен, қазіргі және болашақ үдерістерінің тарихы",– деді Мұрат Әуезов.
Әуезовтің айтуынша, Абай мен оның шығармашылығы - су сияқты мөлдір, егер оны байыпты оқып, түсінсе ол тіпті құрғаған топырақты жандандырады.
Айта кетейік, 10 тамыз Қазақстанда Абай күні болып жарияланды. Бұл күн мереке күндерінің күнтізбесіне енгізілді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар