Соңғы жаңалықтар

АӘК-ті кері қайтармаймыз деген аналар: "500 мың теңгені балаларымыздың аузынан қалай жырамыз?"

Семейде отыз екі көп балалы ана сегіз ай бойы алып келген атаулы әлеуметтік көмекті қайтарулары керек. Қалалық жұмыспен қамту бөлімі әскери қызметкерлердің әйелдеріне жалға алынған үй үшін мемлекет төлейтін қаржыны кіріс ретінде көрсетпеді деп, аналарды сотқа берген. Бірақ 500 мыңнан бір миллион теңгеге дейін үкімет ақшасын алған аналар бұл уәжбен келіспейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.   

аналар

О баста бізден құжат қабылдаған бөлім мамандары баспанаға өтелетін қаражат кіріс ретінде саналмайтынын айтқан дейді. Енді отыз екі әскери қызметкердің жұбайлары қала әкімі Ермак Сәлімовтің халықпен кездесу жиынына көмек сұрап барды. Алайда аналар сенім артып келген Ермак Сәлімов заңсыз әрекетте көмекші емеспін дейді.

"Біз әдейі құжаттарымызды жасатып біраз жүгірген едік. Ақырында оны қабылдамай қойды. Алғашында айтса, біз зар болып жүгірмейтін едік қой. Баламыздың аузына жырып, 500 мың теңгені қалай қайтарамыз? Арнайы күнтізбе жасап береміз, не болмаса күйеулеріңіздің жалақысынан 50 пайызын ұстаймыз дейді. Үкімет өзі қателесті, сол кінәлі кісілер енді жауап берсін", - деді көпбалалы ана Мадина Какуашева. 

Ал қалалық жұмыспен қамту бөлім басшысының сөзінше, күзде құрылған арнайы мамандар мониторинг жүргізіп, кемшіліктерді тапқан. Артынша төлем тоқтатылып, хаттама толтырылыпты. Сондықтан бөлім басшысы аналарға АӘК-нің қайтарудан басқа амал жоқ екендігін айтады. Қазір сотқа ісі түскен әйелдің біреуі ғана мемлекетке ақшасын өтеуге келісімін беріпті. Тіпті төлем кестесін де жасап бердік дейді. 

"Бір күнде қайтарсын деп айтып отырғанымыз жоқ. Оларға тиімді кесте жасап бере аламыз. Ата-аналар алдағы уақытта қаражатты осылай қайтара алады. Бәрі де сотқа байланысты, егер сот оларды жақтаса, ақшаны кері қайтармауға болады. Немесе керісінше болады", - дейді Семей қаласы әкімдігі әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев. 

Жалпы алғанда қазіргі таңда АӘК мәселесі үлкен дау тудыруда. Бұған дейін Шымкентте көпбалалы аналар да осыған байланысты шу шығарған еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр