Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көпбалалы аналар тағы да шу шығарды

Шымкентте көпбалалы аналар АӘК үшін тағы шу шығарды. Әлеуметтік көмек алушылардың айтуынша, электронды үкімет сайтындағы жеке шоттарында олар қаңтар, ақпан және тіпті наурыз айлары үшін ақша түскенін білген.

Шымкентте көпбалалы аналар тағы да шу шығарды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлады.

Дәл осы қаражат олардың шоттарына аударылмаған. Жауап алу үшін әйелдер Шымкенттің жаңа әкімі Мұрат Айтоновқа жүгінді.

"Әкімге барсаң, әкім жауап бермеді. Мында келсе, мұнда да ешкім жауап  бермейді. Халық сендерге мал ма?", - деді ашынған ана.

Көпбалалы аналар әлеуметтік қызмет көрсету ғимаратына жиналды. Олар egov сайтынан өздеріне ақша аударылғанын көрген. Алайда қолға ақша алмадық деп отыр. 

"Бізге наурыз айына дейін ақша аударылған деп көрсетілді. Ол ақша қайда?", - деді Эльмира Рамазанова. 

"Мен құжат рәсімдедім. Екі балам бар. Бірі мүгедек. Маған 300 мың теңге шықты. Бірақ қолыма 150 мың алдым", - деді Лаура Әшірбек.

Аналардың шағымына Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет орталығының орынбасары Жанат Өтебаев жауап берді. 

"Сәуір, мамыр, маусым бірінші ай, шілде, тамыз, қыркүйек екінші, қазан, қараша, желтоқсан үшінші ағын. Олар қазір қаңтар, ақпан, наурыз айының ақшасын талап етуде. Егер бұл заң шықпса, біз ақшаны төлейтін едік", - деді ол.

Биыл үміткерлер жаңа келісім үшін қайта құжат жинау керек. Еgov-тағы ақша аударымдарын анықтамыз деген жауапқа қанағаттанбаған аналар әкімдікке аттанды. Әкімдікке барып, "әкім шықсын" деп айқайлады. 

"Биыл ешкімге АӘК рәсімделген жоқ. Биыл басқаша төленеді. Бәріне бір уақытта төленеді. Ал, төртінші ақы мәселесін орталыққа барып шешу керек", - деді әкімнің орынбасары Ербол Садыр.

Аналар бұған да қанағаттанбаған соң әкімнің орынбасары бұл мәселені өзі тексеруге уәде берді. 

Талқылау