9 жасар астаналық бала әлем чемпионатының финалында ойыншылармен бірге алаңға шығады
Астана қаласының тұрғыны Мадали Исабек әлем чемпионатының финалында футбол алаңына шығады. Ол финалға шығатын екі ұлттық команданың ойыншыларының біреуімен алаңға ілесіп шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.
Қазақстандық жедел тамақтану қызметін ұсынатын компаниялардың бірі келушілер арасында акция өткізген. Ал, осы акцияның ең басты сыйлығы – ӘЧ-2018 финалына өтетін қос команда ойыншыларының қолынан ұстап шығу мүмкіндігі болатын. Бұл жүлдені 9 жасар Мадали Исабектің әкесі ұтып алып, оны ұлына сыйлады. Енді 9 жасар Мадали 15 шілдеде Мәскеудің «Лужники» стадионында өтетін әлем кубогының финалында екі ұлттық команданың ойыншыларының біреуімен алаңға ілесіп шығады.
«Олар маған хабарласып, жүлделі болғанымды айтқан кезде таңдау бес баламның үлкені Мадалиға түсті. Оның үстіне ұлым екеуіміз де футболдың жанкүйерлері болғандықтан, Әлем кубогының финалына қатысу біздің орындалмас арманымыз болатын», – деп мойындады Медеубек Исабеков.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”