87 миллион теңгеге модульдік дәретхана салған: Ақтаулық шенеунікке айыппұл салынды
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ғалымжан Серікбаев қала аумағында 87 миллион теңгеге модульдік дәретхана салғаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудитке сәйкес "Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ қызметінде заңбұзушылықтар анықталды. Басшы Ғалымжан Серікбаевқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"