80 жастағы қазақстандық қария Африкада 42 шақырымдық марафонды жүгіріп өтті

Қазақстандық спорт ардагері Салтанат Түйтебаев Оңтүстік Африка Республикасында өткен халықаралық марафонға қатысты. Ол 42 шақырымнан астам қашықтықты жүгіріп өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Туризм және спорт министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Кейптаун қаласында өткен марафоннан кейін елге оралған 80 жастағы спортшыны Астана әуежайында қарсы алған сәттің видеосы жарияланды.
“Жарыс кезінде жарақат алғанына қарамастан, елордалық спортшы толық марафон қашықтығын – 42,2 шақырымды сәтті еңсерді. Ол ерік-жігердің, төзімділіктің және спортқа адалдықтың жарқын үлгісін көрсетті”, – деп атап өтті министрлік.
ОқыңызВедомство мәліметінше, Салтанат Түйтебаев – белсенді өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қосып жүрген азамат.
Айта кетейік, ол 2025 жылы Нью-Йорк марафонында 80-89 жас санатында чемпион атанып, қашықтықты 4 сағат 45 минутта бағындырған. Бұған дейін, 2021 жылы, 75-79 жас санатында күміс медаль жеңіп алған.
Еске салайық, бұған дейін 76 жастағы ұлытаулық ақсақал Парижге жаяу жеткені хабарланған еді. Ол 53 күнде шамамен үш мың шақырым жол жүріп, Сербия, Венгрия, Аустрия және Германия елдерінде де болған.